Отандасымыздың финалдағы жеңісіне 104.52 ұпай жеткілікті болған
Дінмұхаммед Райымқұл фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Спорт министрлігі мәлімдеп отыр.
“Қазақстандық жас спортшы Дінмұхаммед Райымқұл Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.Фристайл-акробатикадан өнер көрсеткен отандасымыз финалда 104.52 ұпай жинап, жеңіске жетті”, – делінген министрлік хабарламасында.
Екінші орынды Қытайлық Юйхэн Ян (101.79), ал қола медальді тағы бір қытайлық спортшы Чжичен Ян (94.82) иеленген.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы аталмыш спорт түрінен алғаш рет алтын медальға ие болып отыр.