«Алланың қалауымен жеңдім». Діншіл спортшыларға қатысты жол картасы әзірленіп жатыр

Qaz365.kz редакциясы
видеодан кадр

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында спортшылардың дінге бет бұруына қатысты мәселелерді шешу мақсатында арнайы «Жол картасы» дайындалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Журналист Серік Жолдасбай: «Олимпиада болсын, чемпионат болсын спортшылар жеңсе де, жеңілмесе де, Алланың қалауымен жеңдім немесе жеңілдім деп жатады, спортшылардың діншілдігіне байланысты үлкен бір теріс көзқарастар айтылады, олардың дін мәселесін көбірек айтуы дұрыс емес дейді. Спортшылардың діншілдігіне көзқарасыңыз қандай?» деп сұрады.

Ербол Мырзабосынов бұл сұраққа берген жауабында дін мәселесі бойынша арнайы жол картасы әзірленгенін, сол бойынша жұмыс атқарылып жатқанын айтты. 

Дін мәселесі бойынша бізде арнайы «Жол картасы» әзірленген. Соның аясында жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда арнайы ұйымдардан мамандарды тартып, спортшылармен жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Әр федерация өз құрамасына жауапты. Жол картасы аясында дін мәселесіне қатысты да мәселе қаралады, - деді министр.