Бүгін ол ресми түрде жұмысына кірісті
Париж Олимпиадасында таеквондодан Тунис құрамасын дайындап, 1 алтын, 1 қола медаль алып берген қазақ бапкері Есбол Сұлтанов енді Қазақстан құрамасын жаттықтырады, деп хабарлайды Qaz365.kz
Бүгін ол ресми түрде жұмысына кірісті.
Есбол Сұлтанов Тунис құрамасымен 2023 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен Фирас Катусси Олимпиада чемпионы атанса, Мохамед Халиль Джендуби қола жүлде иеленді. Бұған дейін Сұлтанов Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы таеквондодан бірде-бір медаль ала алмады. Олимпиада аяқталғаннан кейін, қыркүйек айында Қазақстан таеквондо федерациясының жаңа президенті сайланған болатын.
Жақында ол жылдың үздік бапкері атанды.
Бапкер ендігі арманым “Қазақ баласын Олимпиада чемпионы ету” дейді.