7 жасар қазақстандық Дубайдағы жарыстың жүлдегері атанды

Nur-Altay Umirzak

Жарысқа 20 елден 4-17 жас аралығындағы 100-ден астам бала қатысқан

Сурет: анасы Ларисы Кремпиннің жеке мұрағатынан

Дубайда өткен «Оушенмен» жарысында Қонаев қаласының спортшысы, 7 жасар Дмитрий Кремпин күміс медаль жеңіп алдыдеп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы облысының спорт басқармасы мәлімдеп отыр.

“Дубайда өткен OCEANMAN жарысында 500 метр қашықтық бойынша Қонаев қаласының 7 жасар спортшысы Дмитрий Кремпин күміс медаль жеңіп алды. Жарысқа 20 елден 4-17 жас аралығындағы 100-ден астам бала қатысқан”, – делінген хабарламада. 

Дмитрийдің жаттықтырушысы – Мадияр Кемелжан. Ол осы жетістіктермен шектеліп қалмай, келесі жылы өз шәкірттерін ірі додаларға көбірек қатыстыруды жоспарлап отыр.