Ересектер арасында Аустралия чемпионатында Қазақстаннан енді ешкім қалмады
Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Отандасымыз бүгін Америкалық теннисші Мэдисон Кизбен (№14) кездескен. Үш сетке созылған ойында Киз басымдық танытты.
Алғашқы сетті сылбыр бастаған қазақстандық теннишсі екінші сетте қарсыласын ойсырата жеңген. Үшінші кезеңде Рыбакина жинақтала алмады. Америкалық өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 3:6, 6:1, 3:6.
Енді Мэдисон Киз жартылай финалға шығу үшін әлемнің 27-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен таласады.
Осылайша, ересектер арасында Аустралия чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалмады.