Англиядағы алғашқы өзбек: Хусанов «Манчестер Сити» ойыншысы атанды

Qaz365.kz редакциясы
Instagram.com/mancity

Өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов ресми түрде Англияның бірнеше дүркін чемпионы «Манчестер Сити» клубына ауысты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

20 жастағы футболшы британиялық ұжыммен бес жылдық келісімшартқа қол қойды және енді 45-нөмірмен өнер көрсетеді. Францияның «Ланс» клубы  қорғаушының трансферінен 40млн еуро пайда тапты.

Бұған дейін Өзбекстан құрамасының ойыншысы Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубында өнер көрсетіп, сонан соң француздың «Ланс» сапына ауысқан.