Утилалым дауымен аты шыққан министр жаңа қызметке тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 19-шы орында және халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетуде

Өнеркәсіп және құрылыс министрі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстан регби федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылдың 25 қаңтарында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «QAZAQSTAN RUGBY» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып сайланды.
Федерация жастар регбиін дамыту, әйелдер командаларына қолдау көрсету, спортты танымал ету және инфрақұрылымды құруды жоспарлап отыр.
Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 19-шы орында және халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетуде. Ерлер мен жастар құрамалары белсенді дамып келеді, - делінген федерацияның хабарламасында.

Айта кетейік, Қанат Шарлапаев утиль алымы кезінде оны қалдыру керек деп қоғамда сынға ұшыраған шенеуніктердің бірі.