Қазақ қызы Сандуғаш Кенжебаева теннистен қатарынан үшінші жарыста топ жарды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: ҚТФ

Қазақстандық жас талантты теннисші Сандуғаш Кенжебаева ұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сандуғаш Кенжебаева неміс теннисшісі Жоэль Строймен бірге тізе қоса отырып, финалда отандасы Асылжан Арыстанбекова және ресейлік Дарья Шадчневамен жолықты. 
Бірінші партияда Асылжан мен Дарья 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде қазақстандық-германиялық жұп есе қайырды – 6:4. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлдып алды (10:2).

Бұған дейін Сандуғаш Кенжебаева мен Жоэль Строй жартылай финалда итальяндық Джулиана Бестетти/Октавия Масетти жұбынан 6:4, 6:2 есебімен басым түскен.

Сандуғаш үшін бұл - Антальядағы жұптық сындағы қатарынан болған үшінші финал. Ол алдыңғы екі турнирде жеңіске жеткен болатын.

Сөйтіп осы жолы да чемпион атанды.