Сары құрлық бәсекесіне елімізден 137 спортшы қатысады
Қазақстан құрамасының спортшылары IX Қысқы Азиада ойындарына жол тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді.
"Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде IX қысқы Азия ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Сары құрлық бәсекесі 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасынан Ойындарға 137 спортшы қатысады. Олар 6 спорт түрінен 10 дисциплинада (конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарыстары, тау шаңғысы, фристайл, ски-альпинизм, шайбалы хоккей) өнер көрсетеді", – делінген ҰОК хабарламасында.
Ұлттық команда жалпы 51 медаль жиынтығына таласып, бақ сынайды.