Жаңа тарих. Қазақ жігіттері алғаш рет Азия ойындарында шорт-тректен алтын алды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Сали Сабиров

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында Қазақстан алғашқы алтын медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шорт-тректен (5000м) Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы алтынды қоржынға салды. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті.

Бұған дейін  Қазақстан қыздар құрамасы 3000 метрге командалық эстафетадан және аралас командалық эстафетадан күміс медаль еншілеген едік.

Жалпы бұған дейінгі Азия ойындарында шорт-тректен ешқашан алтын медаль болмаған.