Қазақ боксшылары бұл жарыста жалпы 13 медаль иеленген
Қазақ боксшылары Сербияда өткен турнирде 8 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сербия астанасында бокстан халықаралық «Belgrade winner» турнирі мәресіне жетті. Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жарыстан 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
I орын:
- Нұрғиса Тұрабеков (48 келі)
- Рамазан Нұрлыбаев (51 келі)
- Нұрсұлтан Алтынбек (57 келі)
- Жансері Көшербаев (60 келі)
- Нұрбек Мұрсал (71 келі)
- Санжарәлі Бегалиев (75 келі)
- Дәурен Мамыр (86 келі)
- Нұрасыл Асылхан (+92 келі)
71 келіде өнер көрсеткен Нұрбек Мұрсал турнирдің ең үздік боксшысы деген атақты қоса жеңіп алды.
II орын:
- Бексұлтан Боранбек (54 келі)
- Илья Калинин (67 келі)
- Бақберген Әлиасқаров (75 келі)
- Ильяр Аширов (80 келі)
III орын:
Бекзат Мақжан (63.5 келі)
Биыл 62-рет өтіп отырған халықаралық турнир 4-9 ақпан аралығында өтті. Қазақстан құрамасынан аталған жарысқа барлығы 15 боксшы қатысып, олардың тек екеуі ғана жартылай финалға жетпей жеңілді.