Тарихи жетістік: Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама бүгін екі медаль алды

Nur-Altay Umirzak

Қысқы Азиада ойындары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатыр

Сурет: коллаж/Нұрғали Жұмағазы

Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама бүгін тарихи жетістікке жетіп, екі бірдей медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бүгін 2-алтын медаль түсті. Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы топ жарды. Команда санында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті. Сондай-ақ, Қазақстандық фристайлшы қыздар қолаға қол жеткізді. ІХ қысқы Азия ойындарында фристайл акробатикадан синхронды секіруде Ардана Маханова мен Аяна Жолдас жарысты үшінші орынмен аяқтады”, – делінген ҰОК хабарламасында.

Байрақты бәсекеде топ жарған спортшыларымыздың жеңісімен барша қазақстандықтарды құттықтаймыз.