Азиада-2025: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

Nur-Altay Umirzak

Одан өзге күміс медаль да қоржында

Сурет: Нұрғали Жұмағазы/ #Harbin2025

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.

Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.

Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды. Ол да биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте бақ сынаған болатын. Вадим Куралес жарысты 30 минут 40,6 секундта екінші болып аяқтады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама бүгін тарихи жетістікке жетіп, екі бірдей медаль алтын мен қола жеңіп алғаны туралы жазған болатынбыз.