54 жастағы спортшы Астанадағы мектептердің бірінде жұмыс жасайды
100 келілік зілтемірді бағындырған Айгүл Ержанова пауэрлифтингтен рекорд орнатты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 1tv.kz-ке сілтеме жасап.
Египеттің Каир қаласында өткен ашық әлем чемпионатында отандасымыз ауыр темірді жатып және жұлқа көтеру бойынша топ жарып екі алтын медельге ие болды.
Бір қызығы 54 жастағы спортшы Астанадағы мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады.
Ел оралған чемпионды шәкірттері мен әріптестері ерекше қарсы алған.