Азиада-2025: Қазақстандық шаңғышы қыздар күміс медальге ие болды

Nur-Altay Umirzak

Алтын мен күміс жүлдені Қытай мен Жапония құрамалары алды

Сурет: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

ІХ қысқы Азия ойындарында әйелдер арасындағы шаңғы жарысынан (4х5 км) Қазақстан құрамасы күміске қол жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Эстафетада ел намысын Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қорғады.

Спортшылар 55:24.5 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті. Алтын жүлдені 53:59.3 уақытпен Қытай құрамасы жеңіп алса, Жапония 56:38.1 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.