Азиада 2025: Қазақстан ерлер хоккей құрамасы финалға шықты

Nur-Altay Umirzak

Финалдық бәсеке ертең болады

Сурет: Сали Сабиров/ҰОК

Қазақстан ерлер хоккей құрамасы финалға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді.

“Қазақстан ерлер хоккей құрамасы IX қысқы Азия ойындарының жартылай финалында Қытайды 3-1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Матчтың соңында Қытай қақпасына екі шайба салынды, қарсылас есепті қысқартқанымен, ойын аяқталмай тұрып қытайлық қақпашы қателесіп, тағы бір шайба жіберіп алды”, – делінген ҰОК хабарламасында.

Ертеңгі финалда Қазақстанның қарсыласы Оңтүстік Корея немесе Жапония болады.