Қазақстандық биатлоншылар ел қоржынына тағы да медаль салды

Nur-Altay Umirzak

ІХ қысқы Азия ойындарында Қытайдың Харбин қалашығында өтіп жатыр

Сурет: Нұрғали Жұмағазы/ ҚР ҰОК

Қазақстандық биатлоншылар ел қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ІХ қысқы Азия ойындарында биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада екінші орын алды.

Құрамадағы спортшылар:

  •  Александр Мухин
  •  Әсет Дүйсенов
  • Кирилл Бауэр
  • Владислав Киреев


Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев квартеті Жапонияға есе жіберді.

Айта кетері, бұл – биатлоншылардың IX қысқы Азия ойындарындағы 4-медалі.