«Ювентус», «Манчестер Сити» клубтарын жеңген футбол командасы Астанаға оралды

Nur-Altay Umirzak

Олар Манчестер қаласындағы жаттығу жиынына қатысуға мүмкіндік алған

Сурет: Бейнеден кадр

Танымал клубтарды Абу-Даби төрінде жеңген жас чемпиондарды елорда әуежайынан ата-аналары мен достары күтіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Павлодарлық «RB Arman» командасы Абу-Дабиде өткен халықаралық кубокты жеңіп алған болатын.

Олар 22 елден келген 36 команда арасында үздік болып шықты.

Топтық кезеңде олар «Ювентус»-ты 5:0 есебімен жеңіп, финалда «Манчестер Сити» құрамасын жеңді.

Павлодар облысы әкімі Асаин Байханов Instagram-да чемпиондарды құттықтап, Қазақстан футболының болашағы осындай дарынды спортшыларда деп атап өткен.

Халықаралық турнирде ерекше қабілетімен көзге түскен өрендер алдағы уақытта Манчестер қаласындағы жаттығу жиынына қатысуға мүмкіндік алды.