Әлемдегі ең атақты кәсіпқой бокс ұйымының президенті Мұса Әбдірайымды елші етіп тағайындады

Qaz365.kz редакциясы

Онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр

Видеодан скриншот

Алматыдағы әуежайда кепілге алынған қызметкерді құтқарып, елге ерлігімен танылған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бейбітшілік елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы WBC ұйымының президенті Маурисио Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Маурисио Сулейман қазақстандық Әлихан Жарылғапов арқылы ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетіне жоғары бағасын берген. Одан қалды жерлесімізді ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп атады.

Онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр, – деді ұйым басшысы.

Бұған дейін Алматы әуежайында жолаушы қызметкерді құтқарып қалғанын, оның әнші Бағлан Әбдірайымовтың ағасы екені туралы жазғанбыз.