Ресейдегі қазақ қызы бокстан әлем чемпионы атанды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: © IBA

Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан үш алтын алса, Ресейге 4 алтын бұйырды. Оның біреуі омбылық қазақ қызы Салтанат Меденованың еншісінде, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ол 81 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Салтанат финалда түркиялық Исильдар Бусраның осал тұсын тапты.

Сөйтіп әлем чемпионатындағы алғашқы алтынына қол жеткізді. 

Бұл салмақтағы қазақстандық Гүлсая Ержан 1/8 финалда-ақ жарыс жолынан шығып қалды. Оны дәл осы Меденова жеңген еді.