Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының капитаны Асхат Тағыберген клубтан кететін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман футболшымен сөйлескенін, Асхаттың бұл ақпаратты растағанын айтты.
Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасының» қаржылық проблемалары туралы айта келе, Асхат Тағыбергеннің 20 млн теңге жалақы алып отырғанын, соған қарамастан жоғары деңгейде футбол ойнай алмайтынын мәлімдеген еді.
«Серый CARDINAL» telegram-каналының мәліметінше, Тағыбергенге «Тұран» мен «Қайсар» клубтары көз тігіп отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде «Тобыл» тарапынан да қызығушылық болғаны туралы ақпарат тарады.