Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Астанаға келді

Qaz365.kz редакциясы

Елордадағы "Барыс Аренада" болатын бокс кеші

Фото: instagram.com/anauel_ngamissengue/

Орта салмақта WBO және IBF титулының иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы Астанаға келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Nomad Promotions компаниясы Instagram желіcіндегі парақшасында франциялық Анауэль Нгамиссенгенің (14-0, 9КО) елорда әуежайына келген сәті түсірілген видео жариялады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде Астана қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, чемпиондық белдіктерін қорғайды.

Елордадағы "Барыс Аренада" болатын бокс кешін тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.

Сондай-ақ бұл шараны әлем жұртшылығы белгілі ESPN спорт каналы арқылы тамашалай алады.