200 адам бір мезетте: Қазақстанда жаңа рекорд орнатылды

Nur-Altay Umirzak

Бұл жетістік рекордтар кітабына енген

Сурет: Бейнеден кадр

Қазақстанда арқан тартыстан жаңа рекорд орнатылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы спорт басқармасы хабарлады.

“Оралда ел тарихында тұңғыш рет арқан тартыстан рекорд тіркелді.200 адам бір мезетте арқан тартып, ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатты”, – делінген хабарламада.

Аталған жетістік ресми түрде тіркеліп, Қазақстанның рекордтар кітабына еніп отыр.