3 рет: Қазақстандық теннисшілер "Билли Джин Кинг" кубогының финалдық кезеңіне өтті

Nur-Altay Umirzak

Турнирдің финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді

Сурет: Қазақстан теннис федарациясы

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне 3 рет өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстан теннис федарациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды. D тобындағы соңғы матчта Юрий Щукиннің шәкірттері Колумбия құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті. Алғашқы кездесуде Юлия Путинцева Валентина Ариасты 6:0, 6:1 есебімен ұтса, екінші ойында Елена Рыбакина Хулиана Лисаразоны 6:1, 6:2 есебімен жеңді”, – делінген ҚТФ хабарламасында.

Турнирдің финалдық кезеңі 16-21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.