Бұл күнгі Стокгольмде қабылданған шешімнен кейін жыл сайынғы дәстүрлі мерекеге айналған
25 сәуір – Қазақстандағы ең танымал спорт футболы күні, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Футбол – Қазақстанда ең танымал спорт түрі. 1994 жылы Қазақстан FIFA-ның толыққанды мүшесі атанды. 2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан UEFA-ның 52-ші мүшесі болып қабылданды.
Қазақстан футбол федерациясын Еуропа футбол қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн Қазақстан футболы күні ретінде аталып өтіледі.