Тәліптер шахматқа тыйым салды

Qaz365.kz редакциясы

Енді оны Ауғанстан аумағында ойнауға болмайды. 

Pixabay.com

AFP агенттігінің мәліметінше, тәліптер шахматты «құмар ойын» қатарына жатқызып, оны ойнауға тыйым салды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Спорт департаментінің өкілі Атала Машвани «Талибан» Ауғанстанда шахмат ойнауға ресми түрде тыйым салғанын растады.

Тәліптер шахматты 2024 жылы қабылдаған «Ізгілікті насихаттау және бұзақылықтың алдын алу туралы заңға» сәйкес тыйым салынған құмар ойындардың қатарына жатқызды.

Бұл қадам — 2021 жылы билікке қайта келгеннен бері режим жүзеге асырып келе жатқан құқықтар мен бостандықтарды шектеу саясатының жалғасы. Бұған дейін Ауғанстанда музыка, кино, әйелдердің білім алуы мен қоғамдық өмірге қатысуына да тыйым салынған.

Ал Иран, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері сынды өзге мұсылман елдерінде шахматқа рұқсат етіліп қана қоймай, мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіледі.