Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты

Qaz365.kz редакциясы

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) бұл ақпаратты растады

vesti.kz

Геннадий Головкиннің командасы боксшының енді орта салмақтағы әлемнің «суперчемпионы» емес екенін хабарлады. Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

13 наурызда Геннадийдің әлемнің «қарапайым» чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен міндетті жекпе-жегіне қатысты промоутерлік бәс сауда болуы керек еді, бірақ бүгін Головкин белбеуді босату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

«Геннадий Головкин ресми түрде әлем чемпионы титулын босатты, енді WBA чемпиондық комитеті бекіткен міндетті айқасқа қатыспайды. Енді WBA нұсқасы бойынша орта салмақта бір ғана чемпион бар, ол – кубалық Эрисланди Лара», - делінген қауымдастық мәлімдемесінде.

Өткен айда Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша да чемпион титулынан бас тартқан болатын. Осылайша, GGG-де негізгі чемпиондық белбеулердің ешқайсысы жоқ. Онда тек IBO-ның екінші дәрежелі титулы ғана қалды.