Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы элитада қала ала ма?

Qaz365.kz редакциясы

Құрамамыздың еншісінде үш ұпай ғана бар.

Видеодан алынған кадр

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатындағы кезекті ойында АҚШ командасынан 1:6 есебімен жеңілді. Бұл — Олег Болякин шәкірттерінің қатарынан бесінші жеңілісі, деп хабарлайды qaz365.kz. 

Жалғыз голды Владимир Волков ойынның соңғы минутында соғып, команданы «құрғақ» жеңілістен құтқарды.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Алайда екінші және үшінші кезеңдерде америкалықтар толық үстемдік орнатып, бірінен соң бірі алты шайба соқты. Қазақстанның қорғанысы сыр беріп, шабуыл шебінде нақты әрекет байқалмады.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан 3 ұпаймен В тобында жетінші орынға жайғасты. Қазір командаға жоғарғы дивизионнан шығып қалу қаупі төніп тұр. 

Элита құрамында қалудың екі жолы бар:

Біріншіден, Венгрия құрамасы Норвегиядан негізгі уақытта жеңілмесе, Қазақстан автоматты түрде жоғарғы дивизионда қалады.

Екіншіден, егер норвегиялықтар венгрлерді негізгі уақытта жеңсе, онда Қазақстан Швейцариямен ойында кем дегенде бір ұпай алуы тиіс — бұл матч сейсенбі күні 15:20-де өтеді.

Қазіргі турнирлік кесте (B тобы):

1. Швейцария — 16 ұпай (6 матч)

2. Чехия — 14 (5)

3. АҚШ — 14 (6)

4. Германия — 9 (5)

5. Дания — 9 (6)

6. Венгрия — 3 (6)

7. Қазақстан — 3 (6)

8. Норвегия — 1 (6)