Бұл оның үлкен турнирдегі 4-чемпиондық атағы
Александр Бублик Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді.
“Қазақстандық теннисші финалдық бәсекеде қытайлық Юньчаокетені 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Бұл Александр Бублик үшін ATP Challenger санатындағы жеке разрядтағы жетінші титулы, әрі грунттағы бірінші титулы”, – делінген федерация ақпаратында.
Сондай-ақ, оның еншісінде ATP 250 сериясындағы үш, ал ATP 500 турниріндегі бір чемпиондық атақ бар.