Қарсыластың төрт голына құрамамыз бір голмен ғана жауап берді.
Қазақстан құрамасы Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы матчында да жеңіліс тапты, деп хабарлайды qaz365.kz.
Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы Швейцарияға есе жіберді.
Қазақстан 16-минутта есеп ашқан. Гол авторы — Аркадий Шестаков. Екінші кезеңнің аяқталуына бес секунд қалғанда швейцариялықтар артық құрамда шайба соғып, үшінші кезеңде тағы бір голмен алға шықты.
Ойын соңына қарай есеп 4:1 болып, қарсылас команда жеңіске жетті.
Швейцария – Қазақстан – 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)
0:1 – 15:17 – Шестаков (Бекетаев, Михайлис)
Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы орынға түсіп, элиталық дивизионмен қош айтысты.
Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық құрама Венгрия, Дания, Германия және АҚШ-тан жеңілді.