"Өз велосипедіңмен қатыс": Астанада жаппай велошеру өтеді

Nur-Altay Umirzak

Велошеру бағыты 25 шақырымды құрайды

Сурет: ksu.edu.kz

Елордада 25 мамыр күні «Астана – есірткісіз қала» ұранымен жаппай велошеру өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл – спорттық жарыс емес, сондықтан елорданың кез келген тұрғыны мен қонағы, жасына қарамастан, шараға тегін қатыса алады. Сондай-ақ, әркім өз велосипедімен келуі керек», –  делінген хабарламада.

Велошеру бағыты 25 шақырымды құрайды. Қатысушылар Қосшы бағыты бойындағы айналма веложолдан бастап, Ильинка (Үркер) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.