Әлеуметтік желіде Бибісараның қазақ тілін білмеуіне қатысты хейт көп.
Ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова қызын ақтап, халыққа үндеу жасады. Ол Бибісараның қазақ тілін білмейтінін айтып сынап жатқандарға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әлеуметтік желіде Бибісараның қазақ тілін білмеуіне қатысты хейт көп. Бибісара орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Бибісара интеллектуалды спорт — шахматтан біздің елімізді әлемдік аренада танытып жүр. Оның желідегі парақшасын көптеген елдің адамдары оқиды. Сіздер қорлайтын, ашулы пікірлер жазу арқылы қазақтарды ызақор ұлт ретінде көрсетесіздер. Шын мәнінде қазақтар ондай емес, бізді олай тәрбиелемеген,- деді шахматшы қыздың анасы.
«Қазақстанның шахмат тарихындағы ересектер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы, әлем жеңімпазы Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасындағы халықаралық шебер (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021).