Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің ширек финалдан аяқтады.
Ол бүгін әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездесті. Отандасымыз үш сет қорытындысы бойынша жеңілді — 1:6, 5:7, 0:6.
Бублик тек екінші сетте ғана алға шыға алған. Бірақ соңғы сәтте брейк жасаған италиялық жеңісті жұлып алды. Одан кейін үшінші сетте Синнер бірде-бір ұпай ұстатпай, “баранка” жасады.
Енді Синнер жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы неміс Александр Зверев (3-орын) пен серб Новак Джокович (6-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Бублик турнир қорытындысы бойынша 440 000 еуро мен 400 рейтингтік ұпай иеленді.
2025 жылғы «Ролан Гаррос» турнирі 25 мамыр мен 8 маусым аралығында өтіп жатыр. Жүлде қоры — 56 352 000 еуро.
Ерлер арасындағы жекелей сында жеңімпаз 2 550 000 еуро мен 2 000 рейтингтік ұпай алады. Қазіргі чемпион — испаниялық Карлос Алькарас.