Тарихи медаль! Абиба Әбужақынова әлем чемпионатының финалында күресті

Qaz365.kz редакциясы

Будапеште дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Абиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Будапеште дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Абиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды

Отандасымыз финалда италиялық Асунта Скуттомен кездесіп, жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Абиба әлем чемпионатының финалына алғаш рет шықты. Бұған дейін ол 2023, 2024 жылдары қола медаль алған.

Жартылай финалдық кездесуде Абиба испаниялық спортшы Лаура Мартинес Абеленданың осал тұсын тапты. Ширек финалда жапон қызынан басым түсткен. Оның алдында 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін балуан 1/8 финалда бельгиялық Лоис Петирді иппонмен ұтты. Ал алғашқы айналымда Абиба ресейлік Марина Воробьевамен белдесіп, қосымша уақытта тиімді әдіс жасау арқылы жеңіске жеткен.