Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Словенияның сегіз дүркін чемпионымен кездеседі

Qaz365.kz редакциясы

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы анықталды.

«Қайрат» ФК

«Қайраттың» УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы ұжымы Словенияның қазіргі және 8 дүркін чемпионы, ел кубогының 7 дүркін иегері «Олимпиямен» кездеседі.

Алғашқы матч 8/9 шілдеде Люблянада өтеді. Қарымта ойын Алматыда 15/16 шілдеде өтеді.

Transfermarkt.de порталының мәліметінше, «Олимпия» (Любляна) командасының жалпы құрамы 11,8 миллион еуроға бағаланады. Бір қызығы, «Қайрат» футбол клубының да барлық ойыншыларының жиынтық құны дәл осындай соманы құрайды.