Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені инвесторлар қаржысына салынған
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады. Көпфункциялы ғимараттың жұмысымен танысу барысында Мемлекет басшысы жас спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Елордада орналасқан кешенде түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және демалыс бағдарламалары ұйымдастырылады”, – делінген ақпаратта.
Нысан аумағында футзал, волейбол мен баскетбол алаңдары, бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар. Президент кешенде ойнап жүрген жас футболшылармен кездесіп, әңгімелескен.
«Футбол бізді ойнауға ғана емес, еңбекқорлыққа және достыққа үйретті. Біздің болашақтағы арманымыз – Қазақстан ұлттық құрамасына кіріп, Әлем чемпионатында жеңімпаз болу», - деді жас футболшылар командасының капитаны Сейсенбеков Дінмұхаммед.