Сенсациялық жеңіс: Теннисші Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Nur-Altay Umirzak

Ол Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінде өнер көрсетіп жатыр

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінде үлкен сенсация жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик турнирдің үшінші кезеңіне өтті.

Бұл оның әлемнің бірінші ракеткасы — италиялық Янник Синнерді күтпеген жерден жеңуінің арқасында мүмкін болды.

Екінші кезеңде өткен матчта Бублик Синнерді 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіп шықты.

Келесі айналымда Бублик чехиялық теннисші Томаш Махачпен кездеседі.