Рыбакина қарсыласын екі сетте де ұтты
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
1/8 финалда қазақстандық теннисші ресейлік Варвара Грачеваны екі сетте – 6:3, 6:0 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Грачева алдыңғы раундта WTA рейтингінде сегізінші орында тұрған отандасы Дарья Касаткинаны жарыс жолынан шығарып тастаған еді.
Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.