UFC лигасындағы қазақ жігіті Бекзат Әлмахан пәтер кілтіне ие болды

Qaz365.kz редакциясы

Жаңа баспананың кілтін Бекзатқа залдың бас демеушісі салтанатты түрде табыстаған.

Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық UFC файтері Бекзат Алмаханға жарқын жеңісі үшін жаңа үй сыйға тартылды. Бұл қуанышты сәттің видеосы Triumph Fights спорт залында түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа баспананың кілтін Бекзатқа залдың бас демеушісі салтанатты түрде табыстаған. Сонымен қатар, UFC-де ел намысын қорғап жүрген тағы бір отандасымыз Азат Мақсұмға мотоцикл сыйланғаны белгілі болды.

«Залдың бас демеушісі Бекзатқа – үй, Азатқа – мотоцикл тарту етті. Бұл сыйлықтар – олардың қажырлы еңбегі мен ерлігіне деген алғыс пен құрмет», – делінген залдың ресми хабарламасында.

Еске сала кетейік, Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін Монреальда өткен UFC 315 турнирінде өткізіп, 33 жастағы канадалық Брэд Катонаны небәрі 64 секундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ал Азат Мақсұм жуырда Бакуде өткен UFC турнирінде ресейлік файтер, Хабиб Нурмагомедовтің шәкірті Тагир Ұланбековпен кездесіп, үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте ұпай санымен жеңіліп