Бокстан Әлем кубогы: 4 шілдеде Қазақстан атынан кімдер шаршы алаңға шығады

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін ширек финал мен жартылай финал кездесулері өтеді. 

Қазақстан бокс федерациясы

4 шілдеде Астанада бокстан Әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін жекпе-жектер тек кешкі сессия аясында өтеді, ол сағат 19:00-де басталады. Қазақстан құрамасынан бүгін бес боксшы шаршы алаңға шығады.

65 келіге дейін, ширек финал:

Аида Әбікеева — Кан Сукен (Оңтүстік Корея)

80 келіден жоғары, жартылай финал

Елдана Тәліпова — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)

65 келіге дейін, ширек финал

Ертуған Зейнуллинов — Уго Грау (Франция)

90 келіге дейін, ширек финал

Сағындық Тоғамбай — Эмра Яшар (Түркия)

51 келіге дейін, ширек финал

Алуа Балқыбекова — Юна Нишинака (Жапония)