Испания астанасы Мадрид қаласында өткен ересектер арасындағы еркін күрестен «T.I. GRAN PREMIO DE ESPAÑA FREE STYLE MADRID» атты халықаралық класс «А» турнирі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Аталған жарысқа Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Ұлытау облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің палуаны, Жезқазған Қаласының Морбжм мен Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортқа дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтегі респубикалық мектеп-интернат-колледжінің түлегі 57 келі салмақ дәрежесінде Аманкелді Еламан (Бапкерлері: Данияр Сәрсенбаев, Талғат Кәрімов және Жасұлан Шубайтегі) қатысып, жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алды.
Айта кету керек ұлт ұясы - ұлытаудың палуаны Аманкелді Еламан еркін күрестен Ұлытау облысының бас бапкері Шұбайтегі Жасұлан Маратұлының қол астында Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ұлытау облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының қолдауымен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының сапында бірнеше оқу-жаттығу жиындарына және еркін күрестің отаны Дағыстан елінде өткен бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысқан болатын.