Президент боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Мемлекет басшысы – Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қосыңыз 

smi24.kz

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау білдіріп жеделхат жолдады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер Сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіс пен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Есіңізге сала кетейік, Әлем чемпионы атағы үшін болған жекпе-жектен кейін Айдос Ербосынұлы ауыр жарақат алып, Миннеаполистегі ауруханалардың біріне миға қан кету диагнозымен түскен болатын.