Депутат Бақытжан Базарбек «Қайрат» - «Реал» матчын Астанада өткізуді ұсынды

Qaz365.kz редакциясы

Оның сөзінше, Еуропадан ағылатын жанкүйерлер үшін Алматыға бару ұзақ. 

ФК Астана

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойынды Алматы емес, елордадағы «Астана Аренада» өткізуді ұсынды, деп жазады Qaz365.kz.

Оның сөзінше, Еуропадан ағылатын жанкүйерлер үшін Алматыға бару ұзақ жол, ал қыркүйектің соңындағы салқын ауа райы да қолайсыздық тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, «Реал Мадрид» жанкүйерлері мен Уэльс футбол федерациясы Қазақстандағы кей стадиондардың жағдайына сын айтқан.

Қазақстанның беделі үшін қажет болса, матчты негізгі аренаға ауыстыруға футбол федерациясының толық мүмкіндігі бар. Ал әлсіз қарсыластарға қарсы ойындарды «Қайраттың» өз алаңында өткізген жөн, – деді депутат.

Еске сала кетейік, «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуі 30 қыркүйек күні Алматыда өтеді деп жоспарланған. Билеттер 20 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.