Бокстан әлем чемпионаты: Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға өтті

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды

Сурет: Сали Сабиров

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Круспен (Куба) өзара мықтыны анықтады.

Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Екінші және үшінші кезеңде басымдығын сақтап қалған жерлесіміз жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.