Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Qaz365.kz редакциясы

Отандасымыз ақтық жекпе-жекте үндістандық Минакшимен қолғап түйістірді

Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде үндістандық Минакшимен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші кезең 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. Дегенмен төрешілердің шешімі бойынша үндістандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.