Тоқаев қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жеңістерімен құттықтады

Qaz365.kz редакциясы

Президент спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі

akorda.kz

Президент қазақстандық боксшыларды Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Мемлекет басшысы Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханды бокстан әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде иеленуімен құттықтады”, – делінген Ақорда таратқан хабарламада..

Президент спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Екінші алтын медальді Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта жеңіп алды.

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.