Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы алғашқы әлем біріншілігінде чемпион атанды

Qaz365.kz редакциясы

Төрехан ақтық жекпе-жегінде жапониялық Сэвон Окадзавамен қолғап түйістірді

Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық былғары қолғап шебері Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінде алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. 

Төрехан ақтық жекпе-жегінде жапониялық Сэвон Окадзавамен қолғап түйістірді. 

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Төрехан Сабырхан үшінші раундта қарсыласынан айласын асырып, жеңісті суырып алды.

Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлдені салды.