«Қысып ұста». Төрехан Сабырханға финалда Асланбек Шымбергеновтің кеңесі пайдасын тигізгенін айтты

Qaz365.kz редакциясы
бокс федерациясы

Қазақтың жас талантты боксшысы Төрехан Сабырхан 70 келіде Ливерпульде әлем чемпионы атанды. Ол – Қазақстан тарихындағы ең жас әлем чемпионы болды. Финалдағы жекпе-жектің алдында ұлттық құраманың экс-капитаны Асланбек Шымбергенов ақыл-кеңесін берген, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Финалда 19 жастағы Сабырхан жапон боксшысы Севон Окадзавамен жұдырықтасты.

«Мен Севонмен жұдырықтасқан едім ғой. Сол жекпе-жекті көрші. Бір қолыңды тіреп аласың. Кез келген соққысын тоқтатып отыр. Жақын жүр, алыстан ұрғызып қойма. Ол билеп, алыстан қашып ұруға тырысады. Ондайға мүмкіндік берме. Тіреп ұрсаң, ештеңе істей алмайды», - деді Асланбек Шымбергенов жекпе-жек алдында видеоқоңыраумен.

Осыдан кейін Төрехан үш раундтың қорытындысы бойынша жапон боксшысын жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Ол жекпе-жектен кейін Асланбек Шымбергеновтің ақылына да құлақ асқанын айтты.

«Бір орында тұрдым. Асланбек ағаның айтқан ақылы өз пайдасын тигізді»,- дейді Төрехан.

Төрехан Сабырхан – жастар мен жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы. Бұл — құрлық боксы тарихындағы бірегей нәтиже. Сонымен қатар ол 2025 жылдың сәуірінде кәсіпқой рингте дебют жасап, жеңісті жолын бастаған болатын.фф