Бибисара Асаубаева тарихи жетістікке қол жеткізді

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Kazchess.kz

21 жастағы қазақстандық гроссмейстер Бибисара Асаубаева Самарқандта өткен беделді FIDE Women’s Grand Swiss 2025 турнирінде үшінші орын алып, ел тарихына енді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл – қазақстандық шахматшы қыздардың «Үлкен швейцаркада» қол жеткізген ең ірі табысы.

Асаубаева соңғы, 11-турға дейін чемпиондыққа таласып, көшбасшылар қатарында болды. Қорытынды партияда ол украиналық Анна Музычукпен тең түсті. Осы нәтижеден кейін Бибисара 7½ ұпай жинап, қола медаль иеленді және 25 мың доллар көлемінде жүлде алды.

Жеңімпаздар үштігі

  • 1-орын: Вайшали Рамешбабу (Үндістан, 8 ұпай, $40 000)

  • 2-орын: Екатерина Лагно (FIDE, 8 ұпай, $31 000)

  • 3-орын: Бибисара Асаубаева (Қазақстан, 7½ ұпай, $25 000)

Бұл жетістік Бибисараға 2026 жылғы турнир претенденттеріне сегізінші жолдаманы FIDE әйелдер рейтингінде иеленуге мүмкіндік береді.

Басқа қазақстандықтардың нәтижелері

  • Меруерт Камалиденова – 19-орын, 6 ұпай ($3 000).

  • Елназ Қалиахмет – 37-орын, 5 ұпай, әйелдер гроссмейстері нормасын орындады.

  • Ксения Балабаева – 40-орын, 5 ұпай.

Ерлер арасында

FIDE Grand Swiss 2025 турнирінде голландиялық Аниш Гири (8 ұпай) жеңімпаз атанып, турнир претенденттеріне жолдама алды. Екінші орын – Маттиас Блюбаум (Германия), үшінші орын – Алиреза Фирузджа (Франция).