Мбаппенің хет-тригі: «Қайрат» өз алаңында «Реалдан» ұтылды

Qaz365.kz редакциясы

Мбаппе хет-трик авторы атанды.

Pedro Castillo/Real Madrid via Getty Images

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі кезекті ойында мадридтік «Реалмен» кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, ойынды италиялық төреші Марко Гуида бастаған қазылар алқасы басқарды.

Құрам:

«Қайрат»: Қалмырза, Тапалов, Мартынович, Сорокин, Луиш Мата, Мрынский, Қасаболат, Арад, Громыко, Жоржиньо, Сәтпаев.

«Реал»: Куртуа, Асенсио, Хёйсен, Алаба, Гарсия, Чуамени, Себальос, Гюлер, Мастантуоно, Винисиус, Мбаппе.

Алғашқы минуттардан-ақ алаң иелері қарсыласына қысым көрсеткенімен, қонақтар біртін-біртін ойынды өз бақылауына ала бастады. Ал 25-минутта жас қақпашы айып алаңында Франко Мастантуононы ереже бұзып тоқтатып, «Реал» пенальтиге болды. Килиан Мбаппе мүмкіндікті мүлт жібермей, есеп ашты – 0:1.

Екінші таймда «Қайрат» жиі шабуылдағанымен, қорғаныста бос орын қалдырды. Осыны пайдаланған Мбаппе дубльдің, кейін хет-триктің авторы атанды. Соңғы минуттарда Эдуардо Камавинга мен Браим Диас та көзге түсіп, «Реал» алаң иелерін ойсырата жеңді – 0:5.

Енді алматылық клуб 21 қазанда өз алаңында кипрлік «Пафоспен» кездеседі.

Есеп:

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – «Реал» (Мадрид, Испания) – 0:5 (0:1)

Голдар: Мбаппе (пенальти, 25), Мбаппе (52), Мбаппе (74), Камавинга (83), Диас (90+3).